$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Норманд төрттігінің кездесуі Парижде өтпек

AstanaTV
10.09.2015ж. 20:00
1705
Норманд төрттігінің кездесуі Парижде өтпек

Норманд төрттігінің көшбасшылары 2 қазан күні Парижде бас қосады. Бұл жайында Кремльдің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Белгілі болғандай, кездесу жөніндегі уағдаластық Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд пен Петр Порошенконың телефон арқылы болған әңгімелесулерінен кейін жасалды.

Тараптар Украина дағдарысын реттейді деп күтілуде. Донбасстағы қақтығыстарды тоқтату режимі сақталып отырғаны атап өтілді. Сәйкесінше, «демаркациялық сызық маңынан ауыр техника мен қару-жарақтарды 100-120 км-ге ығыстыру талқыланған. Кремль таратқан мәліметке сай, Норманд төрттігі лидерлерінің келіссөздері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінен соң өтеді. Ал министрлер 12 қыркүйекте Берлин қаласында бас қоспақ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА