$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Экономиканы қолдауға қосымша 240 млрд теңге бөлінеді

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
1780
Экономиканы қолдауға қосымша 240 млрд теңге бөлінеді

"100 қадам - ұлт жоспарының" 23 қадамы іске асырылды. Атқарылған жұмыстар бойынша есепті Мемлекет басшысына Үкімет берді. Ақордада Президенттің төрағалығымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында 5 реформа шеңберінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы жасалды. Президент Үкіметке ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Белгілі, 59 заң қабылданды. 400-ден артық нормативтік құжаттар енгізілді. Енді мәселе іске асыру жолында. Наши 5 реформ - это комплексный план развития в условиях новой реальности, в реальности, в котором мы живем. Низкие цены на биржевые товары, основное поступление средств снизилось. Надеяться на то, что оно придет снова на тот уровень, не приходится. С другой стороны, все равно не надо снижать работу по конкурентоспособности нашей экономики. Качественная реализация Плана нации - наша первостепенная задача.

Экономика секторын демеуге осы жылдың екінші жартысында қосымша 240 миллиард теңге бөлінеді. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сөзінше, қомақты қаражат бюджеттік бағдарламалардың үнемдеуінен артылған ақша есебінен бөлініп отыр. Олар экономиканың өсіміне қолдау көрсетумен қатар, Құрық портындағы паром өткелін аяқтау және елорда әуежайын жаңғырту сынды жобаларға жұмсалады.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

155 млрд ШОБ қолдау көрсету. Несиелердің құны 8 пайыздан аспайтын болады. Ол біздің шағын бизнеске өте маңызды көмекті көрсететін болады. Екінші бағыт, 90 млрд теңге инфрақұрылымдық бағдарламаларға қосымша ақша бөлінетін болады. Бөлінген қаражат инфраструктура жағынан ауылдардың қазіргі инфрақұрылымын дамыту үшін және жеке құрылыс учаскілерде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Ол біздің халықты өте қызықтыратын мәселе.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ