$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Мұнай өндірісі көлемі 1 млн тоннаға артады

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
1305
Мұнай өндірісі көлемі 1 млн тоннаға артады

Биыл мұнай өндірісінің көлемі 1 млн тоннаға артады. Бүгін Үкімет басшысы тиісті министрлікке осындай тапсырма берді. Бұған дейін Қазақстан 74 млн тонна қара алтын өндіреді деп жоспарланған. Енді жыл соңына дейін оны 75 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта "Брент" маркалы мұнай бағасы 50 доллар үстінде. Сондай- ақ Кәрім Мәсімов  Бозымбаевқа "Қашағанды" мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды. Бұған дейін 1,5 жылға күрделі жөндеуге жабылған кен орыны желтоқсан айында қайта іске қосылатыны айтылған.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Сондай-ақ жеке сіздің және «ҚазМұнайГаздың» алдында 2016 жылдың қазан айында Қашағанда мұнай өндіруді бастау туралы міндет тұр. Сондықтан консорциуммен бірге барлығын логикалық соңына жеткізіп, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет.

Сондай-ақ Үкімет шағын және орта бизнесті қолдауға зейнетақы қорынан қосымша қаражат бөледі. Банктерде ақша тапшы. Сондықтан кәсіпкерлерді қаржылай қолдауға үкімет қаржы бөлуге мәжбүр. Бас экономистің айтуынша, несие шамамен 8 пайыздық үстемақымен беріледі. Қаражат "Даму", "Бәйтерек" компаниялары арқылы екінші деңгейлі банктерге өтеді. Банктердің пайдасын мемлекет субсидиялайды. Бүгінде нарықтық үстемақы шамамен 19-20 пайыз.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Болжам бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген 10 пайыз 70 млрд-қа жуық қаражат игерілмей қалуы мүмкін және 85 млрд теңге ЕНПФ-тен бұрын «Антикризистік бағдарламаға» көзделен қаражат, ол да қазір 2016 жылдың нәтижесінде игерілмей қалуы мүмкін. Қалған қаражатты бірлестіріп, ШОБ қаржыландыруға бағыттауға болады деп шештік.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ