$519.51 €611.83 ₽6.6
×

АҚШ президенттігіне үміткерлер тең түсті

AstanaTV
14.09.2015ж. 10:00
1129
АҚШ президенттігіне үміткерлер тең түсті

АҚШ-та 2016 жылы өтетін президент сайлауына дайындық басталып кетті. Қазірдің өзінде халық арасында тұрлі сауалнамалар жүргізілуде. Солардың бірі «The Washington Post» және «ABC» телеарнасының жүргізген сауалнама қортындысы жария болды. Үміткерлер арасында республикалық Дональд Трамптың өктемдігі демократ Хиллари Клинтонмен теңесті.

Белгілі болғандай, Трампты жақтаушылар саны тіркелген сайлаушылардың 43 пайызына тең. Клинтонға 46 пайыз респондент дауыс берген. Клинтонды көбінесе жастар қолдап отыр. Сәйкесінше ересектер Трампқа сенім артады екен. Бір қызығы - екі үміткерді де өз партия арасынан жақтамайтындар бар.

Десе де, бұқаралық ақпарат құралдары бұл тек қана халық арасында өткізілген сауалнама нәтижелері екенін ескертеді. 2016 жылы өтетін президент сайлауына дейін жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА