$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Олланд, Кэмерон мен Меркель Иранды Израиль елінің мемлекеттілігін мойындауға шақырып отыр

AstanaTV
14.09.2015ж. 10:00
1084
Олланд, Кэмерон мен Меркель Иранды Израиль елінің мемлекеттілігін мойындауға шақырып отыр

Еуропаның үш лидері  - Франсуа Олланд, Дэвид Кэмерон мен Ангела Меркель - Израиль елінің мемлекеттілігін мойындауға Иранды шақырып отыр. Бұл жайында «The Washington Post» хабарлайды. Мақалада былай делінген: «Біз Иранның Израильді мойындамағанын сынға аламыз, сондай-ақ Иран басшылығының Израиль жөнінде айтқан сөздерін орынсыз деп табамыз».

Олланд, Кэмерон мен Меркельдің айтуынша, олар Иран маңайындағы қауіп-қатерді жою керек деген шешім қабылдамаса, Тегеранмен ядролық келісім жасалмас еді. Айта кетейік, Тегеран мен Тель-Авив арасындағы дау-дамай 1979 жылы болған Ирандағы Ислам көтерілісінен кейін басталды. Иран билігі Израильдің мемлекеттілігін мойындамай, әрдайым оларды сөзбен шағып отырады.

АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен Германия Иранмен таяуда Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ шешімге келді. Бұл бітімге келу үшін тараптар 10 жылдай уақыт жұмсады. Атом саласындағы аталмыш келісім мен санкциялардың шешілуі Иран және Батыс елдерінің арасындағы суық қатынасты жояды, деп күтілген еді.

Абзал ҚҰРМАНКИН