Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Германия заңсыз келген босқындармен күресті күшейтпек

AstanaTV
14.09.2015ж. 10:00
1083
Германия заңсыз келген босқындармен күресті күшейтпек

Германия шекардағы бақылауды күшейтуде. Оған босқындардың жаппай заңсыз шекара асуы себеп болған. Бұл жайында «Рейтерс» агенттігі хабарлайды.

Елдің ішкі істер министрі Томас де Мезьердің айтуынша, бірінші кезекте Австриямен шекаралас оңтүстік аймақ ерекше назарға алынған. Өйткені бұл жақтан ағылып жатқан босқындар саны тым көп. Министр, «Германияға заңсыз өтпек болғандарды кері қайтару керек», деген ұстанымын жасырмайды.

Бұған дейін белгілі болғандай, бірқатар мигранттар Бухенвальд концлагеріне орныққан. Ал Мюнхенге келген босқындар саны 13 мыңнан асады. Полиция бұл өңірлерді тәртіпке келтіруге қауқарсыз екендерін жасырмайды. Бүгін Еуропалық одаққа мүше елдердің ішкі істер министрлері Брюссельде бас қосып, Еуроодақтың атқарушы комиссиясы ұсынған «160 мың босқында үлестіру» мәселесін талқыламақшы.

Томас де Мезьер, Германия ішкі істер министрі:

Босқындар қалаған жерде қала алмайды. Қазіргі таңда Германия шекарадағы бақылауды уақытша жандандырды. Бұның барлығы қауіпсіздік мақсатымен қолға алынған. Шенген келісімінде бұл ереже бар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА