Үшінші қазақстандық ғарышкер мінген «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесі Жезқазған жеріне штаттық режимде қонды. Кейін экипаж мүшелерін Айдын Айымбетовты, ресейлік Геннадий Падалка мен Дания астронавты Андреас Могенсенды «Астана халықааралық әуежайынан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды. Сондай-ақ Айдын Айымбетовтың отбасы, «Қазғарыш», «Роскосмос» өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері мен жастар салтанатты шараның куәсі болды.
Кейін
Президент пен экипаж мүшелері журналистермен баспасөз отырысын өткізді. Өз
сөзінде Мемлекет басшысы, «Айдынның тілеуін ел болып тілегенімізді», бірнеше рет қайталады. Сондай-ақ ол «қазақстандықтың ғарышқа
аттануына бөлінген қаражат келешекте өзін ақтайтынын жеткізіп, бұл сапардың босқа
ақша шашу еместігін» айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз ұшу барысын бақылап, әрқайсыңыз үшін алаңдап отырдық. Әрине,
қазақстандықтар ел тарихындағы үшінші ғарышкер болған Айдын Айымбетовтің
тілеуін тіледі. Бүгінде Қазақстанның жер серіктері маңызды коммуникациялық және
ғылыми-зерттеу қызметтерін атқаруда. Полковник Айымбетов сапар барысында өзіне
жүктелген барлық міндетті орындады. Осы мақсатқа бөлінген қаражат келешекте
өзін ақтайды және іс жүзінде зор пайда әкеледі.
Айдын
Айымбетов, ғарышкер:
Зерттеулер
бойынша Қазақстанның бағдарламасы орындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің
басшылығыңызбен біздің еліміз алға жылжып, ғарыш саласы дамып келе жатқанына
өте қуаныштымын.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА