Теріскейде
толассыз жауған жаңбыр диқандарға егінді жинап алуға кедергі жасап отыр. Ауа
райын аңдыған шаруалар жылы күндерді пайдаланып жиын-терім жұмыстарын тамыз
айында бастаған. Алайда қолайсыз күн райы тез арада егінді жинап
алуға мүмкіндік бермей отыр.
Синоптик мамандардың мәліметі де көңіл
көншітпей тұр. Олардың айтуынша, аймақ қыркүйек айы бойына жауын-шашыннан көз
ашпайды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша егіннің 30 пайызы жиналып,
тең жартысы дестеге түсірілді. Әзірге орташа гектар берекелігі - 20 центнер.
Жалпы, биыл Қызылжар өңірінде егін алқаптарының жалпы ауданы 4,4 млн гектар
жерді құраған. Оның 70 пайызына дәнді дақылдар егілген. Ал майлы дақылдарға 400
мың гектар жер қарастырылыпты.
Абзал ҚҰРМАНКИН