Өскеменде
«Нұр Отан» партиясының бақылау
комиссиясының төрағасы Валерий Проскуряковты өлтіруге тапсырыс берген адамдарға
қатысты сот процесі басталды. Еске салсам, қанды оқиға 2011 жылы болған. 64
жастағы Валерий Проскуряковты үйінің ауласында атып кеткен еді. Көп ұзамай, қылмыс жасаған қос киллер
Қарағанды облысында қолға түсті. Алайда қылмыскерлер кәсіпкер Владимир
Еловиковты өлтірудің орнына, шатастырып, Валерий Проскуряковты атып тастаған.
Сот үкімімен киллерлар 15 және 20 жылға
бас бостандықтарынан айырылған.
Бірақ
кісі өліміне тапсырыс берушілер 5 жыл іздеуде жүрді. Осы жылдың көктем
айында Ресей тарапы тапсырыс берушілердің бірі Валерий Рыбаковты
экстрадициялаған болатын. Бүгін сот алдында Валерий Рыбаков «Нұр Отан»
партиясының бақылау комиссиясының төрағасы
абайсызда ажал құшты деген тергеу нұсқасын растады. Енді сот процесі барысында
оның кінәсі анықталса, ол 20 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал екінші
тапсырыс берушілердің бірі Дмитрий Баршин әлі іздеуде жүр.
Берік ХАСЕНОВ