$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Спасск оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жарысы басталды

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
1859
Спасск оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші республикалық әскери-патриоттық жастар жарысы басталды

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оған Қазақстанның барлық аймағынан 800-ден астам жас буын қатысып жатыр. Мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері мен жоғарғы оқу орындарындағы әскери кафедралардың студенттері шара барысында әскери-интеллектуалдық қабілеттерін сынға салмақ.

Болашақта әскери қызметкер болғысы келген жастар ең маңызды әскери айлалармен танысты. Олар - террористердің көзін жою оперциялары, техника мен қару-жарақ көмегімен қарсыластарға соққы жасау тәсілдері. Шеберлік сабақтарын арнайы мақсаттағы қызметкерлер мен барлаушылар көрсетті. Ал, ертеңнен бастап жастар өзара жарысады. Әскери спорт, қару-жарақ құрастыру, 100 метрге атудан бақ сынасады. Биыл екінші рет ұйымдастырылған жиында жас буынның зияткерлік, интеллектуалдық қабілетіне ерекше назар аударылмақшы. Қатысушылар 5 күн бойы жеке-жеке топ ретінде әскери өмірге әбден машықтана алатындарын дәлелдеуі тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға алғаш рет әскери кафедралардан 52 қыз қатысып отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 2 есе артық.

Гүлнұр Құдайбергенова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті:

Калашников автоматын уақытқа құрастырамын. 100 метрге атамын. Өзіме қатты ұнайды. Өзім үшін осы болашаққа бастайтын жол деймін. Өйткені мен алдағы өмірімді осы әскери мамандықпен байланыстырғым келіп отыр. 


Қазақстанның Қарулы күштері ұлттық армияны заманауи технологиялармен жабдықтамақшы. Ол үшін роботтар мен әуеде ұшатын арнайы қондырғылар енгізілмек. Сондықтан биылғы «Айбын» жиынына «Менің роботым» байқауы енгізілген. Жастар онда өздері құрастырған жобаларын таныстырады.

Мұхамеджан Таласов, ҚР Қарулы күштерінің бас штабы бастығының орынбасары:

Робототехника дамып отыр. Железобетон, андай-мындайды робот арқылы разбирать етіп, жол ашады. Бәрі әскерге керек. Соны жас балалар шығарып істесе, біз оны әскерде дамытамыз.

Айжан ҚУАШ