$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ресей кеден қызметі қазақстандық жүк көліктерін жібере бастады

AstanaTV
14.09.2015ж. 13:00
1208
Ресей кеден қызметі қазақстандық жүк көліктерін жібере бастады

Ресей кеден қызметі қазақстандық жүк көліктерін шекарадан жібере бастады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған. Мәлімдемеде, «Федералды кеден қызметімен ұзақ уақыт келіссөздерден соң, қазақстандық жүк тасымалдаушылар кедендік бақылау аймағынан шығарылып жатыр», делінген. Ақпарттан анық болғандай, Ресейдің Троицктегі кеден бекетінде қырыққа жуық қазақстандық жүк көліктері қалып отыр. Ал еліміздегі Көлікпен жүк тасымалдаушылар одағының жедел ақпаратына сәйкес, Соль-Илецк кеден бекетінде бірде-бір жүк көлігі қалмаған. Самарадағы кеден бекетінде мәселе шешіліп жатқан көрінеді.

Еске салсақ, өткен аптада Еуропадан Қазақстанға бет алған жүк көліктерін Ресей кеденшілері заңсыз тоқтатып, тексеріп жатқаны туралы ақпарат шықты. «Ондай көліктер қыркүйектің 3-нен бері тоқтатылып, заңсыз тексеріліп жатыр. Бұл мамырдың соңында Еуразиялық экономикалық одақтың үкімет басшылары Бурабайда қол қойған келісімдерге қайшы». Мұндай мәлімдемені Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев айтқан болатын.

Берік ХАСЕНОВ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық