Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасы Тәжікстанға ресми сапармен келді

AstanaTV
14.09.2015ж. 13:00
871
Елбасы Тәжікстанға ресми сапармен келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға ресми сапармен барды. Сапар аясында Президенттің Тәжікстан лидері Эмомали Рахмонмен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан басшысы Душанбеде өтетін ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Тәжік Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар өзара ынтымақтастықты көздейтін алты құжатқа қол қоймақ. Ең маңыздысы - Стратегиялық әріптестік жөніндегі келісім. Қалған 5 құжат білім беру, спорт, ақпаратты техникалық қорғау мәселелеріне қатысты. Егер құжаттар мақұлданса, тәжік студенттері Қазақстан жоғарғы оқу орындарына  дайындық курстарынан өтпей -ақ қабылданады.

Айта өтейік, 2014 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 85 миллион долларды құрады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА