$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ауғанстанда тәліптер түрмеге шабуылдап, жүздеген тұтқынды босатып жіберді

AstanaTV
14.09.2015ж. 13:00
1009
Ауғанстанда тәліптер түрмеге шабуылдап,  жүздеген тұтқынды босатып жіберді

Ауғанстанда тәліптер түрмені басып алып, 400-ге тарта тұтқынды босатып жіберді. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Олардың ішінде Талибан қозалысының 150 мүшесі болған. Шабуыл кезінде ауған әскерінің 4 сарбазы мен 7 содыр қаза тапты.

Белгілі болғандай, тәліптер түрме аумағына күзет қызметінің формасын киіп келген. Қарулы шабуыл Ауғанстанның 10 провинциясында лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп, 100 шақты тәліптің көзі жойылған күннің ертесіне болды. Арнайы операция кезінде тағы 35 содыр жараланған. 24 бункер мен әскери тұрақтар талқандалған. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық