Француздың
сатиралық деген ат жамылған «Charlie Hebdo» журналының кезекті карикатурасы
қоғамда тағы дау туғызды. Бұл туралы The Daily Mirror басылымы хабарлады. Онда
Иса пайғамбар судың бетінде жүріп келе жатқан күйі бейнеленген. Ал Түркиянің
Бодрум қаласында теңіз жағалауынан табылған сириялық өлген баланың аяғын жоғары
қаратып, суға батып жатқанын салған. Сурет бетінде «Христиандар судың бетімен
жүреді, ал мұсылман балалары суға батып жатыр» деп жазылған. Халық бұл
суреттерді, Франция моральдық тұрғыда шіріп жатыр, деп бағалады.
Естеріңізге сала
кетсек, «Charlie Hebdo» журналы бұған дейін Мұхаммед пайғамбарға карикатура
салып, мұсылман елдерінің қаһарына ұшыраған еді. Бұдан соң лаңкестер редакцияның
кеңсесіне баса көктеп кіріп, 11 адамды жайратып салған болатын. Оның ішінде екі
полиция қызметкері болды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ