Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Босқындар квотасына байланысты ЕО эксперттік кездесуі аяқталды

AstanaTV
15.09.2015ж. 13:00
868
Босқындар квотасына байланысты ЕО эксперттік кездесуі аяқталды

Босқындар квотасына қатысты Брюссельде өтіп жатқан Еуроодақ сарапшыларының кездесуі аяқталды. Онда 28 елдің Ішкі істер министрлері 40 мың босқынды орналастыру бойынша бір мәмілеге келді. Ұлыбритания мен Даниядан басқа Еуроодақтың өзге мемлекеттері әр босқынға 6 мың еуродан алады. Лондон 20 мың адамды қабылдап алатынын мәлімдеді. Ал Дублин босқындардан бас тартты.

Қазір Брюссель 120 мың босқынды орналастыру бойынша бас қатырып отыр. Қашқындар проблемасы 30 қыркүйекте өтетін арнайы саммитте де қаралуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді. Босқындар жағдайына қатысты батыс бірталай уақыттан бері бір шешімге келе алмай отыр. ЕО елдеріне қоныс аударғысы келген 160 мың келімсекті орналастыру мәселесі даудың өзегіне айналды. Еуропарламенттің экс-төрағасы Жан Клод Юнкердің сөзінше, «Қазір Еуроодақтың жағдайы мәз емес. Әсіресе, ахуалды мигранттық дағдарыс ушықтырып отыр».

Әйткенмен, Еуропаға ағылған босқындардың саны толастар емес. Ал келіп жеткендер тұрақтайтын жер іздеп әлек. Мәселен, Германиядағы Мюнхен вокзалы қоныс аударушыларға лық толған. Тіпті, оларды жергілікті полиция эвакуациялаған. Оған белгісіз біреудің «жарылғыш зат қойылды» деген хабарламасы себеп болған. Бүгінде Германия, Австрия мен Чехия келімсектер ағымының артуына орай, кедендік бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.

Ласло Балаз, полковник, кедендік полицияның басшысы:

Қаңтар айынан бері шекараны заңсыз асқан 191 702 оқиға тіркелді. Кеше полицейлер 5 807 адамды құрықтады. Бүгін таңертеңгі сегізден 3 280 босқын тіркеуге алынды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ