Алматыда
«Адем-4»
жаңа сауда үйінің құрылысы қазан айына шегерілді. Нысанның әзірге
тек іргетасы ғана қаланған. Бұл жөнініде сарыла күткен саудагерлердің сабырға
шақырған «Адем»
сауда үйінің директоры айтты.
Өртеніп кеткен «Адем-1»
сауда үйін жалға алып келген он шақты кәсіпкер басшылардың ауысып кеткеніне
алаңдаулы. Өйткені бұрынғы басшы «тамыздың 25-не дейін сауда орталығын
салып беремін» деп, уәде берген. Ал сауда үйіне жаңа тағайындалған жетекші
Зоя Замащекованың айтуынша, құрылысқа
қажет материалдар алынған. Әу-бастағы жоба өзгертіліп, бір қабатты сауда үйі
тұрғызылатын көрінеді. «Сәуірдегі алапат өрттен зиян шеккендер қазан айында
жұмыстарына кірісе алады», - деді ол. Сондай-ақ, сауда үйі орындарын жалға
алушылар жарты жылға дейін орынға ақша
төлемейтінін жеткізді.
Рушана
Қорғанбаева:
Шаршадық, жұмыссыз қалдық, «Адем»
жанғалы, қанша уақыт болды, жұмыссыз
жүрміз. Қызымның
диагнозы бар, больницадан больницаға. Кредиттер бар, қазір доллар өсті 50 пайызға дейін көтеріліп кетті. Жұмысымызды
қайтарып берсін.
Зоя
Замащекова, «Адем»
СҮ директоры:
Өрттен
зиян шеккендер саны - 1 703 адам. Оның жартысы жұмыс істемейтіндерін
айтты. Ал, жұмыс істегісі келетіндерді
Адем-2 және Адем-3 орталығының бос орындарына орналастырдық. Қазір уақытша павильон салынып бітсе, тағы 215 саудагер
кәсібіне кіріседі.
Еске
салайық, Алматыдағы ірі сауда орталығы «Адем-1»,
биыл сәуірдің 26-сы күні отқа оранып, 25
мың шаршы метр аумақ жанып кеткен болатын.
Шамамен 2 мыңға жуық кәсіпкер шаш етектен шығынға батты.
Айгүл ЕРМАХАН