Астанадағы
сауда орталықтарының біріндегі кинотеатрда сатушы қызды аяусыз тепкен ер адам
ұсталды. Қазір бұл дерек Есіл аудандық ішкі істер басқармасында тіркеліп,
тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бейнекамераға түсіп қалған ер
жігіттің ерсі қылығы әлеуметтік желіні аралап кетті. Кадрда ер адам мен кассир
қыздың арасында келіспеушілік болғанын байқауға болады. Санаулы секундттан
кейін ер азамат касса бағанасынан секіріп, қыз баланы аяусыз кеудесінен
тепкенін анық көруге болады.
Кинотеатр желісінің инстаграмдағы парақшасында ол
жігіттің 22 жасар Қуаныш Тұракелдиев деген азамат екені жазылған. Қазір бұл
жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бірі қандай жағдай болса да, Тұракелдиевтің
жауаптан құтылып кетпеуін талап етсе, енді бірі атышулы бейнежазбадағы жігіт
Астанадағы лауазымды шенеуніктің ұлы екенін айтуда.
Берік ХАСЕНОВ