$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы ахуалға алаңдаулы

AstanaTV
15.09.2015ж. 20:00
1239
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы ахуалға алаңдаулы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның солтүстігіндегі содырлардың белсенді әрекетіне айрықша алаңдаушылық білдірді. Тәжікстанда өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы отырысында Қазақстан басшысы ұйымға мүше мемлекеттерді терроризм мен экстремизмге қарсы бірлесе әрекеттесуге үндеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ауған аумағынан шығатын қауіп-қатерлерге қарсы тиімді әрекет ету үшін, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясындағы бірлескен күш-жігерді екіжақты негізде жүзеге асырудың маңызы зор. Өзге де халықаралық ұйымдармен арадағы қарым-қатынасты нығайта түсу қажет. Қазақстан Кабулға жыл сайын азық-түлік, отын, дәрі-дәрмек жеткізуде. Сондай-ақ ауған жастарын жоғары оқу орындарында оқыту арқылы техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қиындықтарға қарамастан, әріптес елдерді бауырлас Тәжікстан мемлекетіне де  қаржылай қолдау көрсетуге шақырды. Өйткені Тәжікстан халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің алдыңғы шебінде тұр, - деді Президент. Сөз соңында ол Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы аясындағы барлық міндеттемелерді мүлтіксіз орындайтыныны айтты. Сондай-ақ одақтас елдерге қажетті гуманитарлық көмек көрсете беретініне тоқталды. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА