Бүгін
Алматыдағы әйгілі «Қазақстан» қонақ үйіндегі терраса құлады. Абырой
болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір төтенше жағдайлар департаментінің
мамандары оқиға болған жерде тексеру жұмыстарына кірісті. Терраса жапсарлас
салынған ғимараттың үстінде болған. Ал оның астында орналасқан дәмхана уақытша
жөндеуге жабылғандықтан, жақын маңда адамдар болмаған.
«Қазақстан» қонақ үйі жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Айта кетейік, жиырма бес
қабатты мейманхана 1977 жылы салынған.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ