$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Оралда косметологтың ісіне байланысты алғашқы сот отырысы өткізілді

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
1468
Оралда косметологтың ісіне байланысты алғашқы сот отырысы өткізілді

Бүгін Орал қалалық сотында мәскеулік косметолог Эльвира Абдуллаеваның ісі қаралды. Сотта оның Қазақстан аумағында айналысуға арнайы сертификаты мен лицензиясы жоқтығы белгілі болды.

Айта кетейік, ол кәсіби қызметін дұрыс атқармағаны үшін айыпталып, екі айға қамауға алынған еді. Наурыздың 28-і күні 39 жастағы Айжан Жақанова сұлулық салонында осы косметологтың ине салуынан соң қайтыс болған еді. Айыпталушы өзінің адам өліміне қатысы жоқтығын айтып ақталды. Косметолог мұндай екпені марқұмға бұған дейін де жасағанын, сол кезде еш әсері болмағанын, сондықтан мұның себебі басқада екендігін алға тартты. Сондай-ақ марқұм Айжан Жақанованың ишемиялық жүрек ауруымен ауырғаны да мәлім болды.

Эльвира Абдуллаеваның қорғаушылары марқұмның денесін эксгумациялап, қайтадан тексеру керектігін сұрады. Айтуларынша, сот-дәрігерлік сараптама жүргізген кезде кейбір жәйттер ескерілмеген. Келесі сот отырысында оқиға куәгерлері сұралатын болады.

Еркін КАРИН