$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Теңгенің құлдырауы жалғасуда, таңертеңгілік сессияда бір доллардың бағасы 283,98 теңгені құрады

AstanaTV
16.09.2015ж. 13:00
1493
Теңгенің құлдырауы жалғасуда, таңертеңгілік сессияда бір доллардың бағасы 283,98 теңгені құрады

Теңгенің құлдырауы жалғасып жатыр. КАSЕ қор биржасының бүгін таңертеңгі сессиясында бір доллардың бағасы 283,98 теңгені құрады. Осылайша көк қағаз құны өткен аптаның жұма күнімен салыстырғанда шамамен 32 теңгеге өскені байқалды.

Ал Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде соңғы күндері теңге тапшылығы болып жатқанын кешегі жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Осыған байланысты қаладағы бірқатар айырбас пункттері өз жұмысын тоқтатқан. Доллардың тұрақсыздануы салдарынан ірі қалаларда сабырсыздық байқалады. Бүгін таңертең Елордадағы валюта айырбастау пункттерінде бір доллардың сатылу құны  290-291  теңгеге жеткен. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА