Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Қазкоммерцбанк» теңгелік депозиттерге өтемақыны төлеу бойынша алғашқы 600 өтінімді қабылдады

AstanaTV
16.09.2015ж. 13:00
1115
«Қазкоммерцбанк» теңгелік депозиттерге өтемақыны төлеу бойынша алғашқы 600 өтінімді қабылдады

«Қазкоммерцбанк» теңгемен депозит ашқан 600 салымшының бағам айырмасымен өтемақы төлеу туралы өтінішін қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ондағы мәліметке сүйенсек, ұлттық валютада депазиттік шот ашқан 170 мыңнан астам салымшы мемлекеттік бағдарлама талаптарына ене алады. Банктен аталған өтемақыны, салымы ұлттық валюта болғанда және тамыздың 18-іне дейінгі салымы 1 миллион теңгеден аспаған адамдар ғана ала алады. Егер «Қазкоммерцбанкте» салымшының бірнеше мерзімді депозиті бар болса, онда айырмашылық бағамы бойынша өтемақы әр салым бойынша бөлек төленбек. Өтемақыны алу үшін, банкте депозиті бар адамдар 1-ші қазанға дейін банктің жақын орналасқан бөлімшесіне барып, өтінімді толтыру қажет. Өтемақы 2015 жылдың 18 тамызы мен 2016 жылдың 30 қыркүйек арасындағы теңгенің АҚШ долларына ресми бағамының айырмашылығының негізінде төленетін болады.

Аталған өтемақы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктермен бірігіп әзірленген мемлекеттік бағдарламамен бекітілген болатын. Президент, бұл шара еліміздің банктерінде 1 миллион 700 мың ұлттық валютадағы депозит ашқан салымшыларға көмек ретінде керек, деп айтқан болатын.

Берік ХАСЕНОВ