$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мәжілістің жалпы отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды

AstanaTV
16.09.2015ж. 13:00
1321
Мәжілістің  жалпы отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының экс-орынбасары Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды. Бұл күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ болатын, оған қатысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен сөз сөйледі. Алайда мәселені қарау журналистерге көрсетілмеді. Онлайн-трансляция әдеттегіден кешірек, яғни сағат 10.15-те екінші мәселені қараумен басталды. Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер мұны техникалық ақаумен байланысты болуы мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ бүгінгі жалпы отырыста депутаттар «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжат азаматтарды «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына іріктеудің жаңа жүйесін қарастырады. «Құжат мемлекеттік қызмет саласында ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, лауазымдық жоғарылату мен еңбекақы көлемін анықтауға бағытталады. Бұл мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстыққа қарсы қимылдарды қамтиды». Заң жобасын депутаттарға таныстырған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай деді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ