Америка Құрама Штаттарының
басшысы Барак Обама Еуроодақ елдерін, босқындар мәселесін реттеу үшін, ынтымақтастыққа шақырды. Бұл мәлімдемесін ол Испания королі Фелипе VI- мен
кездесуінен соң жасады, - деп жазды Рейтерс агенттігі. Обаманың ойынша, дағдарыс
белең алып жатқан кезде, келімсектер жайы кезек күттірмейді.
Айта өтейік, бұған
дейін Вашингтон 10 мың босқынды қабылдайтыны айтылды. Бірақ бұл сан Еуропаға
ағылып жатқан келімсектердің көрсеткішінен әлдеқайда аз. Белгілі болғандай, Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бері, елді 1 миллион адам тастап кетіп, Еуропада пана іздеп жатыр.
Барак Обама, АҚШ президенті:
Босқындар мәселесі соңғы
айларда белең алды. Біз Еуропа елдері, АҚШ пен халықаралық қауымдастық біріге
отырып, бұл түйіткілді шешеміз деп келіскенбіз. Түптеп келгенде, Сириядағы
ахуалды шешуіміз керек, деп ойлаймын.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА