$498.51 €522.84 ₽4.81
×

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Нью-Йорк қаласында 70-ші сессия жұмысын бастады

AstanaTV
16.09.2015ж. 13:00
2393
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Нью-Йорк қаласында 70-ші сессия жұмысын бастады

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Нью-Йорк қаласында 70-ші сессия жұмысын бастады. Рейтерстің хабарлауынша, сессияны ресми түрде жаңадан тағайындалған төраға Могенс Люккетофт ашты. Дәстүр бойынша, ашылу салтанатынан соң бір минут үнсіздік жарияланды.

Айта өтейік, осы жылы Бас Ассамблеяның отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлемек. Баяндама 28 қыркүйек күні жасалады деп жоспарланған.

Жалпы саяси дискуссия күн тәртібіндегі басты тақырыптарға арналатын болады. Мәселен, Украина, Сирия мен Йемендегі қатығыстар, босқындар мәселесі,  экстремизмге қарсы күрес және жаһандық климаттың өзгеруі. Дәл осы күні АҚШ басшысы Барак Обама, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин де баяндама жасайды.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның жаңа Мемлекеттік хатшысы сайланатын болады. Айта өтейік,  бұл лауазымдағы Бас хатшы  Пан Ги Мунның өкілеттігі биыл 31 желтоқсанда аяқталады.
  
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА