$519.51 €611.83 ₽6.6
×

«Қазкоммерцбанк» теңгелік депозиттерге өтемақыны төлеу бойынша 4,5 мың өтінімді қабылдады

AstanaTV
16.09.2015ж. 20:00
985
«Қазкоммерцбанк» теңгелік депозиттерге өтемақыны төлеу бойынша 4,5 мың өтінімді қабылдады

«Қазкоммерцбанк» теңгемен депозит ашқан салымшыларға бағам айырмасын төлеу туралы 4,5 мың өтініш қабылдады. Бұл туралы қаржы орталығының бөлшек бизнес департаменті директорының орынбасары Тимур Әкімеев арнамызға берген сұхбатында мәлімдеді. 


«Казкоммерцбанкта» ұлттық валютада 178 мыңнан астам депозиттік шот ашылыпты. Осы салымшылардың барлығы да өтемақының талап ете алады. Бірақ оны алудың талаптары бар. Салымшының депозиті теңгемен ашылған болуы тиіс. Ал жинақталған қаражат көлемі 1 миллион теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ тиісті өтемақы 1 жылдан асқан салымдарға төленбек. Өтемақыны алу үшін, депозиті бар адамдар 1 қазанға дейін банктің жақын орналасқан бөлімшесіне барып, өтініш жазуы қажет. Өтемақы 2015 жылғы 18 тамызы мен 2016 жылғы 30 қыркүйек арасындағы теңгенің АҚШ долларына ресми бағамының айырмашылығының негізінде төленетін болады.

Тимур Әкімеев, «Қазкоммерцбанк» АҚ бөлшек бизнес департаменті директорының орынбасары:

Өтемақы 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі бағам бойынша 300 теңге болса, осы соманы 2015 жылдың 18 тамызындағы көрсеткіштен аламыз. Яғни 300 теңгені 188 теңге 35 тиынға бөлеміз, арнайы есептен бірді аламыз. Сонда салымның өтемақысының көлемі 592 мың 779 теңгені құрайды. Егер салым 1 млн 49 тиын болса, бұл депозитке өтемақы  төленеді. Егер бұл сомадан асып кетсе, өтемақы төлемейміз.

Аталған өтемақы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктермен бірігіп әзірленген мемлекеттік бағдарламамен бекітілген болатын. Президент, бұл шара еліміздің банктерінде 1 миллион 700 мың ұлттық валютадағы депозит ашқан салымшыларға қайтарылуы тиіс, деген болатын. Біз бүгін басқа да банктерге хабарласқан едік. Алайда ешқайсысы бұл жөнінде жақ ашпай отыр. 

Берік ХАСЕНОВ