$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ақтаулық жігіттер қалаға көше пианиносын сыйлады

AstanaTV
14.06.2016ж. 20:00
1316
Ақтаулық жігіттер қалаға көше пианиносын сыйлады

Ақтаулық қос жігіт қалаға көше пианиносын сыйлады. Мұнай-кен орындарына қажетті құралдарды жасайтын зауыттың қос қызметкері қала жағажайының көркін ашатын ерекше тарту жасауды ұйғарыпты. Еуропа қалаларында қалыптасып үлгерген үрдісті ақтаулықтар қошеметпен қолдады.

Дамир Жансүпов, жоба ұйымдастырушысы:

Тұрғындар келіп, қарап, қызығушылық танытуда. Біреулер ойнауға тырысып бақты. Әсіресе балаларға жақсы болды. Әлеуметтік желідегі парақшамызға кіріп көрсеңіздер болады. Тұрғындар жақсы пікірлер айтып жатыр. Балалардың музыка аспабына деген қызығушылығын арттыратын болдыңдар дейді.

Сыйға тартылған фортепиано - Шыңғыс Есбосыновтың өз аспабы. Бала кезінде музыкалық мектепке барғанымен, өндіріс саласын өмірлік кәсібі еткен. Жігіттер филармония мен өнер мектебінің қызметкерлерін тартып, фортепианодан көшелік дәрістер өткізбекші. Жуырда қаланың тағы бір жеріне осындай аспапты апарып қоямыз дейді. Ал бүгінде жағажайда тұрған пианиноны көңілі қалаған кез келген адам барып ойнап жатыр.