$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Сарапшылар АҚШ Сириядағы террористерді қолдап отыр деген ойда

AstanaTV
17.09.2015ж. 20:00
Сарапшылар АҚШ Сириядағы террористерді қолдап отыр деген ойда

Америка Құрама Штаттары Сирия аумағында Ресей Федерациясының бірнеше тікұшақтарын байқаған. Бұл жайында Вашингтондағы дереккөзге сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды. Агенттіктің келтірген деректеріне сай, әуежайда кем дегенде 4 тікұшақ бар.

Айта өтейік, таяуда АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби «Ресей Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көресететін болса, Құрама Штаттар Федерацияны оқшаулау саясатын жалғастыратынын» ескерткен.

Бұл қоқан-лоққыға Кремль бірден үн қатты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Ел халықаралық оқшаулауға ілікпейді», деп жауап қайтарды. Сондай-ақ ол ресми Мәскеу Асадқа қолдау көрсете отырып, аймақта тәртіп орнатуды көздейтінін жеткізді. Ал АҚШ антитеррористік коалицияны басқара отырып,  нені көксейтіндерін жасырып отыр, дейді. Сарапшылар да  Вашингтон оппозицияны, яғни террористтерді  қолдап отыр деген сенімде.

Мохаммад Омари, сарапшы:

Батыс пен АҚШ-тың Сирияға қару-жарақ жеткізудің жалғыз себебі бар. Олар экстремисттерді қолдап отыр. Аймақта үстемдік жасасын деген арам ойлары бар. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА