Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Буркина-Фасо президенті мен премьері тұтқынға алынды

AstanaTV
17.09.2015ж. 13:00
1114
Буркина-Фасо президенті мен премьері тұтқынға алынды

Буркина-Фасо мемлекетінің президенттік гвардиясы ел басшысы Мишель Кафандо, премьер-министр Исаак Циду мен тағы бір қатар үкімет мүшелерін тұтқынға алды. Бұл туралы елдің көшпелі парламенті басшысының сөзіне сілтеме жасап, Рейтерс агенттігі хабарлады.

Спикердің сөзінше, гвардиялықтар жоғары лауазымды тұлғаларды үкіметтің отырысы барысында құрықтаған. Десе де, олар әлі өз талаптарын жариялай қоймаған.

Айта кетерлігі, тұтқынға алынған Мишель Кафандо елдің уақытша президенті ретінде өткен жылы тағайындалған болатын. Оның алдында әскери төңкерістен кейін ел басқарған Блэз Компаоре халықтың жаппай наразылығынан кейін биліктен кеткен-ді. Ал президенттік гвардиялықтар дәл осы Компаорені қолдаушылар болып келген.