$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Дубайға заңсыз жолмен жеткізілмек болған 24 құстың жағдайы қалай?

AstanaTV
17.09.2015ж. 13:00
2504
Дубайға заңсыз жолмен жеткізілмек болған 24 құстың жағдайы қалай?

Шымкент әуежайынан Дубайға заңсыз әкетілмек болған жерінде анықталған ителгілер қазір қаладағы зообақта тіршілік етіп жатыр. 24 ителгіні хайуанаттар бағы қызметкерлері төрт торға бөліп орналастырыпты. Бұл зообақта бұған дейінгі екі ителгі бар болатын. Биолог Қанат Егембердиевтің айтуынша, контробандалық тауар ретінде шетел асырылмақ болған ителгілерді  шабаданға кәсіби мамандар салған. Жыртқыш құстардың 5-6 сағат бойы дыбысы шықпасын деп,  уақытша ұйықтатқанын және температураны сақтау үшін мұз да салынғанын айтады. Бұл құстардың жарақат алмай, аман жетуіне жасалған жағдай деп болжайды.

Зообақ басшыларының айтуынша, тірі тауар ретінде ұсталып, зообаққа тапсырылған бұл алғашқы құстар емес. Бұған дейін де бір мезетте тоқсан ителгіні шетел асырмақ болғандардың жолы кесілген екен. Ол ителгілер зообақта уақытша сақталған. Қазіргі  құстардың да тағдыры сот арқылы шешіледі, - дейді зообақ қызметкерлері.

Қанат  Егембердиев, Шымкент зообағының биологы:

Жағдайлары қазіргі таңда жақсы. Ет жеп жатыр. Тірі, яғни бізде «живой корм» дейміз, живой корм беріп жатырмыз бұларға. Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр. Сот процесі біткеннен кейін барып, ол шешіледі. Яғни бізге қалдырады ма, болмаса, табиғатқа ұшырылып жібереді ме. Егер бізде қалдырған жағдайда, оны кейін басқа торларға жеке-дара,  екі -екіден  бөліп, әрі қарай қарастырамыз тіркеуге алып. 

Еске салайық, 24 құс салынған екі шабаданды кеденшілер дүйсенбі күні Шымкент-Дубай бағытындағы ұшаққа тиелгелі жатқан жерінен анықтаған еді. Кедендік бақылау бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, әрбір құстың бағасы орта есеппен 22-25 мың АҚШ доллары тұрады. Қазір белгісіз жүктің иесі кім екендігі және әуежайға қай жақтан тап болғаны анықталып жатыр.