$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ақтөбеде қант құны шарықтап кетті

AstanaTV
17.09.2015ж. 20:00
1666
Ақтөбеде қант құны шарықтап кетті

Ақтөбеде қант бағасы қымбаттап кетті. Өткен айдың соңында шекердің келісі өңірде 140 теңгеге саудаланса, бүгін оның нарықтағы басағы 182 теңгеден асып түскен. Шағын дүкендерде 1 келі қант 220 теңгеге де бағаланыпты. Ірі сауда орталықтарында да баға өскен.

Дегенмен, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары оның себебін айта алмай отыр. Қазір шұғыл тексеруге кіріскендерін айтады. 8 қыркүйектен бері қант тасымалдаушы 6 ірі компанияның қызметін бақылауға алғандарын хабарлады. Өзара келісімге келіп, бағаны орынсыз қымбаттатқан болса, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Сағындық Ерғалиев, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті жектекшісінің орынбасары:

Егер заңбұзушылық анықталса, бизнес субъектілеріне алынған табыстан 3-5 пайыз айыппұл салынады.

Мансұр ЕСХОЖИН