Президенттіктен үміткер
АҚШ миллиардері Дональд Трамп, сайлауда жеңген жағдайда, Ресей лидері Владимир
Путинмен қарым-қатынасты нығайтуға уәде берді. «Бұл туралы кандидат
сайлауалды пікірталас барысында мәлімдеді», - деп хабарлайды "Рейтерс".
Дональд Трамптың дебатта: «Мен америкалық билікпен келіспеушік орнаған көптеген
әлемдік лидерлермен тіл табысып кете аламын», - деген. Президенттікке кандидат,
республикашыл Рэнд Пол да қарсыласының идеясын қағып алып, Ресеймен қоса
қытайлықтармен де диалогты жандандыра түсетінін мәлімдеді.
Ал үміткер сенатор
Марк Рубио тіптен ағынан жарылды. Ол Таяу Шығыстағы шиеленісті реттеу ісімен
жуық арада тікелей Мәскеу айналысуы мүмкін деп тұспалдады.
Еске салсақ,
Америкада президенттік сайлау келер жылы қарашада өтеді. Қазір президенттіктен
оннан астам саясаткер үмітті. Ал сайлауалды додада әзірге Хиллари Клинтон мен
Дональд Трамп алда келеді.
Жұрағат БАМАН