$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қарағандылық билік елді халықпен бірге басқаруға үйренбек

AstanaTV
18.09.2015ж. 13:00
1149
Қарағандылық билік елді халықпен бірге басқаруға үйренбек

Шенеуніктер тұрғындардың кез келген мәселесін, олардың өздерімен бірге талқылап, бірлесіп шешуге машықтануы керек. Қарағанды облысы әкімдігінде өткен семинар-жиында осы мәселе талқыға түсті. 

Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қарамағындағы әкімдерге ең алдымен халықпен жиі кездесуді тапсырды. Оның пайымдауынша, қоғамдық белсенділік артқан сайын мәселелер үздіксіз талқыланып, ол жылдам шешім табады. Жалпы, өзін-өзі басқару ісі  аймақта оң нәтижесін беруде. Мәселен, бес-алты ауылда тұрғындар жұмылып, қаржы жинап, көшелер мен жолдарды қоршап, абаттандыруға көмектескен. Бұл өз кезегінде жеке бюджеті жоқ ауылдық елді мекендерге септігін тигізуде. Осылайша ауылдар мен шағын аудан, қала тұрғындарының жағдайын жақсарту көзделіп отыр.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Егер біз жергілікті билігімізді қолға алып, ауыл жақта тұрып жатқан азаматтардың әрбіреуіне жетпесек, онда біздің жұмысымыз бір орында тұрып қалады. Қоғам болып жатқан соң, бар азаматтарды іске қосып, тартсақ, тек қана соның арқасында ары қарай ілгері басамыз.

Айжан ҚУАШ