Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Чилиде тағы да зілзала тіркелді

AstanaTV
18.09.2015ж. 13:00
1087
Чилиде тағы да зілзала тіркелді

Чилиде тағы да зілзала тіркелді. Бұл жолы 5,3 балды құрады. Жергілікті ақпарат құралдары қаза тапқандар саны өсуі мүмкін деп хабарлап жатыр.

Қазір зілзаладан 10 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Тағы 20-ға жуық адам жараланған. Қуаты 8,4 баллдық жер сілкінісінен кейін елдің орталық аймағында 35 жер асты сілкінісі байқалды. Ғалымдар цунамидың қаупі жөнінде хабарлап отыр. Биіктігі 3 метрлік толқындар Француз Полинезиясына дейін жетуі мүмкін.

Чилидегі апаттың салдарынан жапа шеккендердің саны сағат санап артып келеді. Елдің ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, ғимараттардың құлауы мен жүректің қысылуы адамдар өлімінің негізгі себебі болып отыр.

Зілзала әсіресе Ильяпель қаласына тиді. Ондағы жағажайларда орналасқан ауылдардан 1 миллионға жуық адам уақытша басқа аймақтарға көшірілді. Шаһар маңында теңіз толқындарының биіктігі 4 метрге дейін жеткен. Ел билігі, елді мекендерді цунами басуы мүмкін, деген ақпарат таратуда. Ал Чили президенті Мишель Бачелет табиғи апаттан зардап шеккен аудандарды аралауда.

Мен бар мүлкімнен айырылдым. Бір дүкенім болған, жағажайда үйім болды. Енді түк те жоқ, бәрі астында қалды.