$541.01 €640.34 ₽6.52
×

ДАИШ жасағында 1800-ге жуық Ресей азаматы жүр

AstanaTV
18.09.2015ж. 20:00
ДАИШ жасағында 1800-ге жуық Ресей азаматы жүр

Ресей әскері Сириядағы соғысқа қатысуы мүмкін. Бүгін Ресей президентінің хатшысы, Кремль Сирияның әскери көмек көрсету туралы өтінішін қарауға дайын екенін, мәлімдеді. Бірақ бірінші қадамды Дамаск жасауы тиіс,- деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ол Сириядағы әскери операцияларға ресейлік сарбаздардың қатыспайтынын жоққа шығармады. Бұл мәселе екіжақты ресми кездесу кезінде талқыланатынын жеткізді. Кремль қазір Сирияда ресейлік әскерилердің жоқ екенін баса айтты.

Есесіне, Сириядағы содырлар қатарында 1800-ге жуық ресейлік азамат соғысып жүр, деген ақпарат тарады. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке сілтеме жасап, «Комсомольская правда» жазады. ДАИШ қазір интернационалдық жасаққа айналған. Олардың қатарында түрлі ұлт өкілдері бар.

Берік ХАСЕНОВ