Грекияға
қайықпен жүзіп бара жатқан 21 босқын Түркия жағалауларында кемемен соқтығысып,
13 адам батып кетті. Оның төртеуі - кәмелет жасына толмағандар. Ал қалған 8-і
құтқарылды. Қазір іздестірілу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Рейтерс
агенттігі. Мигранттар Чанаккалы түрік портынан Лесбосқа қарай бет алған екен.
Аман қалғандардың сөзінше, олар түнде кемемен соқтығысқан. Ал балаларды тастай қараңғыда табу мүмкін
болмапты.
Осыған дейін Еуропада дәл осындай жағдай тіркеліп, 26 адам бақилық
болған еді. Сенбі күні Хорватия, одан кейін Венгрия Сербиямен көлік қатынасын
жауып тастаған болатын. Полиция тіпті мектеп оқушылары мен жедел жәрдемді
өткізбей жатыр.
Сирия, Ирак және Африка елдерінен қашқан босқындардың кесірінен
Еуроодақтағы кейбір мемлекеттердің ара-қатынасын қиындатып жіберді. Австрия
ішкі істер министрлігі, босқындарды Словения мен Хорватияға қайтарып жіберуі
мүмкін екенін, атап өтті. Ал Венгрия билігі босқындарға толы поезды шығарып
салған хорват полицейлерін ұстапты. Словения болса, Хорватияны босқындарды
аталмыш елдің келісімінсіз тасымалдап жатқаны үшін, айыптап жатыр.
Абзал ҚҰРМАНКИН