$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Иран президенті Хасан Рухани батыс журналистеріне тұңғыш рет сұхбат берді

AstanaTV
21.09.2015ж. 10:00
826
Иран президенті Хасан Рухани батыс журналистеріне тұңғыш рет сұхбат берді

Иран президенті Хасан Рухани батыс журналистеріне тұңғыш рет сұхбат берді. Ол өз сөзінде, иранның ядролық бағдарламасы туралы шешім қабылдау АҚШ пен арадағы келіспеушіліктерді шешудің алғашқы қадамы болатынын, мәлімдеді. Бұл жөнінде  Reuters хабарлады.

Рухани сондай-ақ ел парламентінің келісімді бекітерінен үмітті.
Ал Конгресстегі жағдай өзгеше, қарарды талқылауды демократтар кейінге қалдырды. Руханидің айтуынша, арнайы сауалнама ирандықтардың басым көпшілігінің бұл келісімді қолдайтынын білдірді.  «Сондай-ақ ол иран халқының американдықтарға көзқарасы түзу», - деді.

АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық қарым
-қатынасқа 1980 жылғы Ислам төңкерісінен соң сызат түскен еді. Содан бергі уақытта екі ел басшыларының телефон арқылы әңгімілесулері  2013 жылы Рухани билікке келген соң орын алды. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах