$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Автонесиелендіру бағдарламасы бойынша бөлінген 15 миллиард теңгенің 70% жуығы игерілді

AstanaTV
21.09.2015ж. 20:00
1112
Автонесиелендіру бағдарламасы бойынша бөлінген 15 миллиард теңгенің 70% жуығы игерілді

Екінші деңгейлі банктер автонесиелендіру бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың 70% игерді.  Бұл жайында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлімдеді. Айтуынша, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасының арқасында елімізге Ресей көліктерінің импорты да шектелмек.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдың 20 сәуірінен бастау алған. Бағдарлама операторы – «Қазақстанның даму банкі». Несие 5 жылға беріліп, номиналды пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайды.

Аманияз Ержанов, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

Қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда әсіресе отандық автоөндіру саласы көп зардап шекті. Сондықтан үкімет автонесиені жеңілдікпен беру мақсатында, 15 млрд теңге бөлген еді. Қазір бұл соманың  68,8 пайызы игерілді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА

Алдыңғы жаңалық