$474.72 €515.17 ₽5.58
×

ОҚО-да қырым қанды қызбасымен төрт адам тіркеліп, біреуі қайтыс болған

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1520
ОҚО-да қырым қанды қызбасымен төрт адам тіркеліп, біреуі қайтыс болған

Оңтүстік Қазақстан облысында кенеден келетін кеселден бір адам қайтыс болды. Бүгін аймақтың бас дәрігері Сейітжамал Пакеев оның конго қырым-қанды қызбасынан көз жұмуы мүмкін екенін айтты.

Белгілі болғандай, Ордабасы ауданының 19 жастағы тұрғыны алғашында өзін жайсыз сезінгендіктен, жергілікті емханалардың біріне жүгінген. Ол жерде науқасты медицина қызметкерлері суық тиюден емдеген. Жағдайы асқынған ол аудандық ауруханаға жетікізіліпті. Қан кету белгілері білінгендіктен, жансақтау бөліміне жатқызылып, оған бірден қырым қанды қызбасына қарсы емдеу жүргізілген. Алайда бұл уақытта бәрі кеш еді, - дейді Пакеев. Айта кетейік, өңірде бұдан бөлек тағы үш жағдай тіркеліп отыр. Өткен жылы аймақта алты жағдай тіркеліп, екі адам қайтыс болған еді.  

Сейітжамал Пакеев, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Ордабасы ауданында бір азамат жекеменшік клиникаға жүгінген. Арыс қаласында да сондай жағдай. Біз қазір  қызметтік тексеру жүргізетін боламыз. Аса қауіпті жұқпалы ауруларда бізге тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жәрдемдеседі. Бірлескен түрде зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Соған сәйкес нақты шешім қабылдайтын боламыз.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ