$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуді жалғастырады

AstanaTV
22.09.2015ж. 10:00
1060
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуді жалғастырады

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуді жалғастырады. «Бұл ішкі валюталық нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қолға алынған шара», - деп хабарлайды «Zakon.kz». Оның мәліметінше, Ұлттық банк КАSЕ қор биржасында 213,1 миллион АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенция жасаған. 


Еске салсақ, валюталық тұрақтылыққа жету үшін, банк басшылығы бұдан бұрын 16 қыркүйекте де осындай қадамға барған.

Айта кетерлігі, еліміз биыл 20 тамызда валюталық дәлізден бас тартып, теңгені еркін айналымға жіберген болатын. Ұлттық банк биыл валюталық интервенцияны бірнеше рет жүргізді. Ол 16 қыркүйекте - 144 миллион доллар, 17-сінде  - 270,4 миллион, ал 18 қыркүйекте 67,2 миллион долларды құрады. 

Алдыңғы жаңалық