Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қытай экономикасы жанданбақ

AstanaTV
22.09.2015ж. 10:00
2286
Қытай экономикасы жанданбақ

Қытайдың қоғамдық ғылым академиясы, жыл аяғына дейін елдің экономикасы 6,9 пайызға өседі, деп болжам жасауда. Бұл жайында академия мамандарына сілтеме жасаған "Рейтерс" агенттігі жазады. Қытай үкіметі, ел экономикасының орташа өсімі 2015 жылы 7 пайызға өседі, деп жоспарлаған болатын. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қытайдағы ішкі өнім көлемі 7 пайызға артқан. Дегенмен, экономиканың бірқатар индикаторы көрсеткендей, үшінші тоқсанның алғашқы екі айында экономикалық дамуда баяулау байқалды.

Сондай-ақ, сарапшылар Қытай экономикасы үшін алдағы 5 жыл шешуші мерзім болатынын атап өтті. Сондықтан қазір түйткілдерді шешуге негізделген әрекеттер жасалуы тиіс. Бұл жерде, еңбек ресурсын қысқарту, капитал құю ағымын шектеу және сұраныс құрылымын өзгерту қажет. Атап өту керек, 2014 жылы, Қытайдың ішкі өнім көлемі 7,3 пайызға артқан болатын.