$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Биыл құрбан айт қазақы салт-дәстүрмен атап өтіледі

AstanaTV
22.09.2015ж. 10:00
2500
Биыл құрбан айт қазақы салт-дәстүрмен атап өтіледі

Үш күннен кейін барша мұсылман қауымы Қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлайды. Қыркүйектің 24, 25 және 26-сы күндері Қазақстан жұртшылығы да құрбандық шалып, мерекені атап өтеді.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы құрбан шалу мен оның сауабы туралы арнайы баспасөз мәслихатында кеңінен әңгімелеп берді. Тұрмыстық жағдайы жақсы кез-келген мұсылман үшін ізгі амалдар жасап, мал шалу - уәжіп. Мүмкіндігі орташа жандар өзгелермен бірігіп, ірі қара малды құрбандыққа шалып, оны жағдайы жоқтарға таратып беруіне де болады.

Биыл құрбан айт мейрамы ұлттық салт-дәстүр нақыштарына сай атап өтілмек. Облыс, аудан, ауылдық жерлердегі мешіттердің ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. Мүфтият тарапынан қайырымдық шаралары да ұйымдастырылады. 

Ержан Қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Алматыда таңғы сағат 7-30-да, 7-45-те Астанада айт намазы оқылады. Барлық мешіттерге тапсырма берілді, биылғы айтты ұлттық дәстүрде өткізу туралы. Себебі біз 2018 жылға дейін Дін және дәстүр жылы деп жарялаған болатынбыз.


Алдыңғы жаңалық