Молдавадағы
наразылық акциясы жалғасуда. Қыркүйектің алтысынан бастап, Кишиневтегі ұлттық
алаңға жиналған адамдар әлі үйлеріне қайтқан жоқ. Шеруге қатысушылар орталық
алаңға шатырлар тігіп, «президент пен үкімет басшысы биліктен кетпейінше
тарамаймыз», деп отыр.
Бір аптаның ішінде «Еркін қала» лагеріндегі шатырлар
саны 200-ге жеткен. Кишинев орталығындағы қалың бұқара, биліктегі жемқорлыққа
да қарсылықтарын білдіріп отыр. Елдегі «Абырой мен ақиқат» азаматтық
тұғырнамасының өкілдері өз мәлімдемелерінде, мемлекет басшысын тақтан
түсіргісі келмейтіндігін, керісінше ұлттық банктің басшысын, бас прокурорды,
жемқорлыққа қарсы орталық пен жоғарғы әділет кеңесінің төрағасын қызметінен
босатуды талап етті. Олардың пікірінше осы лазауымды тұлғалар елдегі қаржылық
дағдарысқа кінәлі.
Василь
Настэзе, «Абырой және ақиқат» азаматтық тұғырнамасының өкілі:
Біздің
қарсылық шараларымыз қайталана береді, барлық мәселенің шешілуін қалаймыз.
Билік басындағы қылмыскерлердің қалтасына түсетін салықты төлеуді тоқтатуды
талап етеміз.
Заңғар САНАЙ