$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар 1 қазанға дейін банктерге жүгінуі тиіс

AstanaTV
22.09.2015ж. 13:00
998
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар 1 қазанға дейін банктерге жүгінуі тиіс

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар өз депозиттерін қайта рәсімдеу үшін 1 қазанға дейін екінші деңгейлі банктерге жүгінуі тиіс. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған шара, валюталық тербелістерге байланысты теңгемен қаржы жинақтаған салымшыларға өтемақы төлеу мақсатында іске асырылып отыр, делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, салымшылардың есеп шотындағы қаржы 18 тамыздағы жағдай бойынша 1 миллион теңгеден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, өтемақы соңғы салымды осы мерзімге дейін жасаған азаматтарға ғана беріледі және бұл қаражатты алған салымшыларға банктегі депозиттік қаржыларын бір жыл бойы сақтап қою талабы қойылады.

Жұрағат БАМАН