$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Оралда дизайнерлер президенттік тұмарға таласуда

AstanaTV
23.09.2015ж. 10:00
1472
Оралда дизайнерлер президенттік тұмарға таласуда

Оралда дизайнерлер президенттік тұмарға таласуда. Осыған дейін хабарлағанымыздай, оралдық дизайнерлер жасаған бұл тұмарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға тарту еткен еді. Кейін осыған ұқсайтын бұйымды алматылық «Әдемі-ай» компаниясы да жасап шығарғаны белгілі болды.

Әріптестерін
«жиендік жасады» деп айыптаған оралдықтар, авторлық құқы бұзылғанын мәлімдеп, құзырлы орындарға талап-арыз түсірген. Әрі олар қай туындының түпнұсқа, қайсысы көшірме екендігін анықтау мақсатында сараптама сұрады.

Ақтұлым Есенова, заңгер:

Қазіргі дау - бос әурешілік. Өйткені екі жақтың да тұмар өздерінің бұйымдары екендігін дәлелдейтін куәліктері бар. Әрі әрбір автордың туындысы өзінше ерекше. Сондықтан жоқ жерден дау шығарып, сарапшы маманның көмегіне жүгінуге қажеттілік жоқ, деп ойлаймыз.

Ал оралдық дизайнерлер болса, алматылық әріптестерінен моральдық-материалдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіріп алуды көздейді.

Шәкір Суханбердин, заңгер:

Біз Әділет министрлігінің кез-келген азаматтың өтінішін қанағаттандырып, авторлық құқықты бекітіп беретініне түсінбедік. Мұны анықтау үшін жан-жақты сараптама жүргізілуі керек, сонымен қатар біздің әріптестеріміз өздерінің авторлық құқын осы сот басталған кезде ғана бекітіп алды. Қазір Бас прокуратура мен Президент Әкімшілігіне арыз жаздық.