Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте «Адам ұрлады» деп күдікке іліккен бизнесменге қатысты сот басталды

AstanaTV
23.09.2015ж. 10:00
1213
Шымкентте «Адам ұрлады» деп күдікке іліккен бизнесменге қатысты сот басталды

Шымкентте киім сататын ірі сауда желісінің қожайынына қатысты сот отырысы басталды. Кәсіпкер Бақытбек Нұрманов пен оның көмекшісі Мақсат Мәдиев биыл мамыр айында «адам ұрлады» деген күдікке іліккен болатын.

Айыпталушы орындығында отырған екеу бет-жүзін көрсетпеуді сұрады. Олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің «Адам ұрлау», «Бас бостандығынан заңсыз айыру», «Өзінше билік ету» және «тонау» сынды төрт бірдей бабы бойынша іс қозғалған. Шағымданушы бес адам, құзырлы орынға, «жұмыс берушінің өздерін ұрып-соғып, бопсалағанын айтып», арызданған. Бірақ қамауға алынғандар «тергеу орындары таққан айыптармен келіспейміз» деп отыр. Алғашқы сот отырысында жәбірленуші тараптың уәжі тыңдалды. Олар тергеу барысына көңілдері толмайтынын, сондықтан «іс қайта тексерілсін» деп талап қойды.

Еске салайық, Шымкенттегі танымал сауда желісі қожайынының үстінен жергілікті тұрғын Тахир Тохтаходжаев арызданған болатын. Ол өзін 29 сәуір күні көлікке мінгізіп, таулы аудандағы саяжайлардың бірінде бірнеше күн қамап ұстап, аяусыз ұрып-соққанын айтқан. «Қарызсың» деп қинаған қожайыны 200 мың теңге шамасында заңсыз қалтаға басқан ақшасын «2 млн теңге қылып қайтарасың» деп мәжбүрлеп, тілхат жаздырып алғанын бұған дейін айтқанбыз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық