$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Тәжікстандық ислам партиясының белсенділері ланкесттік оқиғаға қатысы бар деп айыпталуда

AstanaTV
23.09.2015ж. 10:00
1327
Тәжікстандық ислам партиясының белсенділері ланкесттік оқиғаға қатысы бар деп айыпталуда

«Тәжікстандық ислам партиясының белсенділері лаңкестікке қатысты болуы мүмкін», - деп жазады ТАСС агенттігі, күш құрылымдарына сілтеме жасап. 

Ислам жандану партиясының жұмыс бөлмелеріне жүргізілген тінту кезінде, маңызды мемлекеттік нысандардың нобайы мен фотосуреттер және басқа да материалдар табылған. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар лаңкестікті дайындауға ат салысуы ықтимал. Душанбе әуежайын, ұлттық телеарна комитеті мен басқа да стратегиялық ғимараттарды нысанаға алған. 


Еске салсақ, Тәжік елінің бас прокуратурасы, аталған партия белсенділерінің «қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзодының лаңкестік тобымен байланысы бар», деп күдіктенеді. ТАСС агенттігінің ақпарат көздері таратқан деректерге сүйенсек, елдің бас қадағалау органы жуық арада бұл саяси ұйымның қолға түскен 13 белсендісіне «экстремисттік әрекетке қатысы бар» және «қылмыстық топ құрды» деген айып тақпақ.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ