БҰҰ
Сирия бойынша АҚШ пен Ресей келіссөздерін құптайды. Бұл жөнінде ұйымның Бас
хатшысы Пан Ги Мунның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.
Оның
айтуынша, Ресей мен АҚШ арасындағы жоғары деңгейдегі диалог әсіресе Сирияға
қатысты келіссөздерге басымдық беріп отыр. Айта өтейік, жуырда Сергей Лавров
пен Джон Керри Сирия мәселесін телефон арқылы талқылаған. Өткен аптада екі
тараптың қорғаныс министрлері Эштон Картер мен Сергей Шойгу да дискуссияны
жалғастырды. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, енді Сергей Лавров
пен Джон Керри Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның сессиясы аясында келіссөздерін
жалғастырады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА