Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ЕО босқындар мәселесі бойынша шұғыл отырыс өткізді

AstanaTV
23.09.2015ж. 13:00
737
ЕО босқындар мәселесі бойынша шұғыл отырыс өткізді

Еуропалық одаққа мүше 28 елдің ішкі істер министрлері Брюссельде шұғыл отырыс өткізді. Оған қатысушылар 120 мың босқынды паналату үшін өзара бөлісіп алу ұсынысын қолдады. Құжат, Чехия мен Словакияның қарсылығына қарамастан, мақұлданды. Польша бұған дейін келімсектерді қабылдауға квота беруден үзілді-кесілді бас тартқан еді. Әйтсе де бұл ел ақыры келісімін берді. Енді 5 мыңдай босқынға пана болмақ.

Еске салсақ, 9 қыркүйек күні Еурокомиссия одақ елдері арасында өзара бөлісіп алатан босқындар санын 120 мыңға дейін көбейту жөнінде шешім қабылдады. Жыл басынан бері Еуропаға пана іздеп келген адамдар саны жарты миллионға жеткен. Алдағы уақытта кәрі құрлыққа Сирия, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан мен Африка елдерінен 1 миллиондай адам ағылып келеді деген болжам бар.   

Алдыңғы жаңалық