Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәскеуде мешіт жөндеуден өтіп, Құрбан айт мейрамы қарсаңында есігін ашты

AstanaTV
24.09.2015ж. 20:00
2119
Мәскеуде мешіт жөндеуден өтіп, Құрбан айт мейрамы қарсаңында есігін ашты

Құрбан айт мерекесіне орай Ресей астанасы Мәскеуде жаңа мешіт ашылды. Алып ғимарат 10 жыл бойы күрделі жөндеуден өткізіліп, жамағат үшін есігін қайтадан айқара ашты.

Мәскеудегі ең алып мешіттің сыйымдылығы 10 мың адамға шақталған. Жөндеу жұмыстарына 170 миллион доллар жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігін ресейлік миллиардер Сулейман Керимов берген. Қалған ақша қайырылымдылық арқылы жиналды. 6 қабатты мешітте 7 лифт бар.

Кеңес Одағы кезінде бұл Мәскеудегі жалғыз мешіт болатын. Салтанатты ашылу рәсімінен соң Ресейдің Бас мүфтиі Равиль Гайнутдин сөз алды. Ол барша мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтап, жаңа мешіттің ашылғанына қуанышты екенін жеткізді. Салтанатты шараға жоғары лауазымды қонақтар да арнайы шақыртылған. Олардың қатарында Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған, Шешенстан, Татарстан, Дағыстан мен Ингушетия елдерінің басшылары, шенеуніктер мен бизнес өкілдері де қатысты.

Владимир Путин, Ресей президенті:

Бүгінде ислам - еліміздің рухани өмірінің айнымас бөлшегіне айналды. Бұл дін адамдарды қайырылымдыққа, әділдікке, қамқорлық пен жақындарыңды демеуге үйретеді. Өкінішке орай, Таяу Шығыстағы жағдайды көріп отырмыз. Лаңкестер ислам дініне кір келтіріп жатыр. Олардың идеологиясы жалғандыққа негізделген.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Сирия, Ирак, Мысыр, Ливиялық босқындар Еуропаға пана іздеп ағылып жатыр. Шекараны жауып тастау  мәселені шешпейді. Сол елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Жерорта теңізінде болып жатқан ахуал - бүкіл адамзаттың арына сын. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА